Жаза жеңілдейді:
- Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен үш АЕК-ға азаяды. Ал бір жыл ішінде тағы да тәртіп бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
- 613 баптан полицейлердің рұқсатынсыз автокөлік салонынан түсіп кететін жолаушыларға қатысты жаза алып тасталынады. Енді олар заң бойынша көліктен шыға алады.
Жазаны ауырлату:
- 46 бапқа көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылды.
- 596 баптың 3 тармағына (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) мынадай толықтыру енгізілді: оның ішінде «бұрылыс және айналым». Бұдан былай тек қана қарсы бағытқа шыққан автокөліктер ғана емес, тұтас сызық арқылы айналым жасағандар да қарсы жолаққа шыққан деп есептеледі.
- Медициналық тексерістен өтуден бас тартқан (613 бап) және көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер бұдан былай екі жылға емес, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.