15 университет командасы робототехникадан үздік атағына таласады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 университет командасы робототехникадан үздік атағына таласады

15 университет командасы робототехникадан үздік атағына таласады

2021 жылдың 2 желтоқсанында «Алматы Арена» мұз сарайында «ETU Robocon 2021» студенттер арасында робототехникадан екінші республикалық чемпионат өтеді.

  • 30 Қараша 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Еуразиялық технологиялық университеті ұйымдастырады. «TMK Development Group» ЖШС чемпионаттың бірлескен ұйымдастырушысы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған және «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын дамыту аясында жүзеге асырылады.

«ETU Robocon – 2021» чемпионаты – Arduino платформасына негізделген робототехника бойынша студенттік командалар арасындағы жарыс. Бұл жас ғалымдарға роботтарды әзірлеуді нөлден бастауға мүмкіндік береді. Құрастыру мен механикадан, содан кейін электроникадан және роботтың интеллект бағдарламасын жазуға дейін мүмкіндік бар. Осылайша, чемпионаттың әрбір қатысушысы IT, электроника және робототехника саласындағы ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институтта кіші лаборант лауазымына лайықты дайын жас маман боп шығады.

Жобаның мақсаты – дарынды, талантты жас қазақстандықтарға жаңа технологиялар мен робототехника саласында стартаптар құру, инновациялық шешімдерді әзірлеу, бағдарламалау, инжиниринг және т.б. бойынша білім мен бағды беру.


2019 жылы робототехникадан жоғары оқу орындары арасында өткен І республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша 15 қатысушы команданың ішінен: Almaty Management University – 1 орын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 2 орын, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – 3 орын алып, жеңімпаз атанған.

Биыл Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Алматы облыстарынан 15 команда қатысады. Байқау жеңімпаздары 3D принтер, квадрокоптер, ноутбук және т.б. бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Командалардың өнері YouTube желісінде көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар