15 жастағы жасөспірім қайырымдылық жәшігін ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 жастағы жасөспірім қайырымдылық жәшігін ұрлаған

15 жастағы жасөспірім қайырымдылық жәшігін ұрлаған

Ақтауда қайырымдылық жәшігіне қол салған он бес жастағы жасөспірім ұсталды. Оның арсыз әрекеті сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған.

  • 20 Қараша 2013
  • 248
Фото - Caravan.kz


Ашық түсті кеудеше киген жасөспірім көздегенін бірнеше минут айналшақтап, кетпей қойған. Саудагердің назары басқа тұсқа бұрыла салысымен, жәшікті ала жөнеліпті. Сорақысы сол, оның арсыз тірлігін анық көрген өзге сатушылар тілін жұтқандай үндемей қала берген. Дегенмен, ақпарат құралдары дабыл қаққаннан кейін, тергеушілер жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал көмекке мұқтаж сәбилерге тиесілі ұрланған ақша орнына қайта қойылған.