15-жастағы қыздың сұмдық оқиғасы: Жалған дәстүрдің артында қанша тағдыр бүлініп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15-жастағы қыздың сұмдық оқиғасы: Жалған дәстүрдің артында қанша тағдыр бүлініп жатыр?

15-жастағы қыздың сұмдық оқиғасы: Жалған дәстүрдің артында қанша тағдыр бүлініп жатыр?

Шариғатқа сүйенген ерте неке мәселесі мен Қазақстан заңнамасы не дейді?

  • 3 Қазан
  • 123
Фото: видеодан алынған

Қоғамды дүр сілкіндірген жағдай Ауғанстанда емес, Қазақстанда орын алды. Осы жылдың наурыз айында Қарағандыда болған оқиға қоғамда әлі де зорлық-зомбылық мәселесі шешілмегенін көрсетеді. 15 жастағы қызды анасы мен өгей әкесі «шариғат заңына» сүйеніп еркінен тыс 38 жастағы ер азаматқа тұрмысқа берген. Алайда бұл некені мешіт те, АХАЖ та тіркемеген. Неге? Заң не дейді? Жасөспірімнің тағдырына кім жауапты? Caravan.kz тілшісі тақырыпты жалғастырады.

Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы жасөспірім психологиялық және сексуалдық зорлыққа ұшыраған. Кейін әкесіне қашып құтылған. Қыздың туған әкесі жағдайдың мән-жайын айтып берді, алайда, балаларын қорғау мақсатында өзінің жеке деректерін жарияламауды өтінді.

«Сол күні кешкісін үйге оралғанымда, кіреберісте балаларым күтіп тұр екен. Ол кезде мен ешнәрсе білмедім. Қызым менімен сөйлесіп, оны тұрмысқа бергенін айтты. Мен үшін шок болды. Қызым оны тиран деп сипаттады. Ол кезде зорлық туралы айтпады қызым, бірақ, мен сол жігітке хабарласып, ескерттім, қызым әлі кәмелетке толмаған, егер бір нәрсе болып жатса, заң алдында жауап бересің дедім», — дейді зардап шегушінің әкесі. 

Алайда 38 жастағы ер адамды қыздың әкесінің сөзі тоқтатпапты. Ол арам пиғылын іске асырып, өз әрекеттерін шариғат заңына сүйенген некемен ақтап келген. 

«Қызым кейін полиция бөлімшесінде зорлық көргенін мойындады. Үш рет қайталанған», — дейді әкесі. 

Әкесі дереу полицияға хабарлап, медициналық сараптама жүргізуді талап етті. Сараптама зорлық фактілерін растады. Қыздың жыныстық мембранасы қатты затпен зақымданған екен және және оның ішінде бөгде сұйықтық табылды. 

Аталмыш фактілер жария болған соң, бүкіл полиция дабыл бойынша жедел әрекетке кірісті. Зорлықшы Астанаға қашып кетпек болғанда ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр. Ол «аса ауыр зорлық» бойынша 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Тіркелмеген және мешітсіз «неке»

Мұндай зорлықты шариғат заңымен ақтау орынсыз. Себебі некені мешітте де мойындамаған. Әкесінің айтуынша, ресми неке болған жоқ. Олар АХАЖ немесе мешітке жүгінбеген. Қызға никаб кигізіп, оны анасы мен өгей әкесі ауызша келісім арқылы «әйелім» деп жариялаған. «Неке» алдында қыз болашақ күйеуімен екі рет қана кездескен, оның бірі терезе арқылы. 

«Олардың қулығын айтып берейін. Бәрі оп-оңай. Егер әкесі рұқсатын берсе, сол да жеткілікті. Олар әйелі мен күйеуі деп саналады. Никаб кигізіп, айтқанын жасатады. Менің айтқанымның бәрін тыңдап, жасайсын дейді күйеуі. Қызым бұған келіскен, себебі оған  «18 жасқа дейін қол тимейміз» деген, ал ол уәдесін бұзды. Ол өгей әкесінің досы екен, олар 10 жылдан аса уақыт таныс. Осының бәрін олар менің сыртымынан жасапты», — дейді қыздың туған әкесі.  

Сонымен қатар қызды бәрінен оқшаулап алған. Достары мен құрбыларынан алшақтатып, оқуын қашықтыққа ауыстырған. Осылайша қыз дәрменсіз, тәуелді болып, қайда барарын білмеген. 

Қазақстан заңнамасы не дейді?

Қалай десек те, аталмыш «неке» түрі Қазақстан заңы бойынша қылмыс болып саналады. Заңгерлердің айтуынша, кез келген діни рәсімдер немесе ауызша келісімдер заңды күшінен айыра алмайды. 

«Бұл заңды тікелей бұзу. Заң бойынша некеге тұру 18 жастан рұқсат. 16 жасқа дейін тек сот шешімімен ғана рұқсат беріледі. 15 жасында некеге тұру мүмкін емес және қылмыстық іс деп саналады. 16 жасқа дейінгі балаға жыныстық қатынас сексуалдық зорлыққа теңестіріледі, тіпті формалды келісім болса да», — дейді заңгер Евгения Хабарова. 

Сондықтан анасы, өгей әкесі және «күйеу» әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алайда бәрі оңай емес. Қазір қызын мәжбүрлеп тұрмысқа берген анасы мен өгей әкесі тек куәгер ретінде іске тартылып отыр.

Отбасылық драма және ата-ананың рөлі

Әкесінің айтуынша, анасы мен әкесі оның келісімінсіз «некені» ұйымдастырған. 

«Қылмыскер төрт күн бойы жалға алынған пәтерде қызымды ұстаған, үш рет зорлық жасаған», — дейді әкесі. 

«Бұл барып тұрған зорлық. Тек сексуалдық емес, психологиялық, әлеуметтік зорлық, баланы жасына қарамастан осындай әрекетке жеткізу қылмыс. Егер қыз келісімін берген жағдайда да, заң бойынша 16 жасқа дейін ол жыныстық қатынасқа түсуге келісім бере алмайды», — дейді заңгер. 

Қыздың анасының алты баласы бар. Қазір жетінші баласына аяғы ауыр. Кіші қыздарын да осындай тағдыр күтіп тұрған екен. 

«Біздің 4 ортақ баламыз бар. Екі ұл, екі қыз. Кіші қызымды мен алып кеттім, себебі оған уақытың келгенде сені де осылай тұмысқа береміз деген екен. Кіші ұлын да анасы үйінен қуып жіберіпті, ол да қазір менімен тұрып жатыр», — дейді әкесі. 

Қазір қыздың анасы мен өгей әкесі іс бойынша куәгер ретінде танылған. Арыз жазған туған әкесі де куәгер болып қарастырылып жатыр.

«Олар неге куәгер ретінде қарастырылып жатқанын түсінбеймін. Олар құдаласып, қызды мәжбүрлі түрді тұрмысқа берумен айналысты. «Кәмелетке толмағандарды сату, нағыз сутенёрлік» әрекет. Ұят деп қысым жасаған. Мен қызыма сенемін, ол қаншама күндер бойы жылап, ауырып жатты. Мені де кәугер ретінде қарастырып жатыр, сондықтан сотта не болып жатқанынан хабарым жоқ. Арызды жазған мен, мен зардап шегуші ретінде қарастырылуым керек», — дейді әкесі. 

Манипуляциялар және психологиялық қысым

Қазір қыз анасына қайта оралды. Қайтып келгеннен кейін қызды әкесіне қарсы шығарып, көрсеткішін өзгертіп, зорлық болмағанын айтуға итермелеп отыр дейді әкесі.  

 «Мен қызыммен бір айдай болды сөйлеспеймін. Олар маған қарсы шығарып қойды. Олар адамдарды манипуляциялауды, жанашырлыққа әсер етуді жақсы біледі. Бірақ медициналық сараптама шындықты дәлелдеп отыр», — дейді әкесі. 

Проблема бір оқиғамен шектелмейді

Құқық қорғаушылар мұндай оқиғалар бір жағдаймен шектелмейтінін атап өтті. Көптеген қыздар қорқыныштан немесе отбасының қысымынан үнсіз қалады, ерте неке «қалыпты» немесе отбасы үшін ұят деп санайды.

«Бұл тек физикалық емес, психологиялық зорлық. 15 жастағы бала некеге немесе жыныстық қатынасқа саналы келісім бере алмайды», — дейді заңгер.

Өкінішке орай, Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар өсіп келеді дейді мамандар. Алайда, профилактика мен жүйелі бақылау әлсіз, мектептер, әлеуметтік қызметтер мен құқық қорғау органдары толық әрекет етпейді.

Балалар мен жасөспірімдер қайда жүгіне алады?

— республикалық балалар желісі 111;

— дағдарыстық орталықтар «Шанс» және «Қорғау»;

— мектептегі әлеуметтік педагогтар және психологтар.

Балалар көмек бар екенін білуі керек және оған қорықпай жүгіне алады.

Әділетке үміт

Қылмыскерге қарсы сот процесі аяқталуға жақын. Әкесі оның ең қатаң жазаны алатынына сенімді. 

«Мен қызым үшін және жалған дәстүрдің артында болашақтан айырылатын барлық балалар үшін соңына дейін күресемін. Мұндай қулықтарға біздің елімізде жол жоқ екенін дәлелдегім келеді», — дейді ол.

Мамандар мен құқық қорғаушылар балаларды ақпараттандыру, ата-анамен жұмыс жүргізу және профилактиканы күшейту қажеттігін атап көрсетеді. Сонда ғана мұндай трагедиялардың қайталануына жол берілмейді. 

Перейти к новостям спорта