Бұдан бұрын да хабарлағанамыздай, озық технологияларға сәйкес күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілген ұзындығы 1224 шақырымдық Астана-Алматы тас жолы еліміздің төрт облысының аумағы арқылы өтеді. Бұл жолды жөндеу және оңалту жұмыстары 1997-жылы басталған. Жол құрылысына 250 млн. доллар көлемінде инвестиция құйылып, оның 238 млн.-ы жол -құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Жолды салуға 7 мың адам жұмылдырылды.
«Дұрыс күтімге алып, сауатты пайдаланған жағдайда бұл жол 30-50 жылға дейін қызмет етеді. Еліміздегі барлық жолдарды дәл осындай деңгейге жеткізу үшін қыруар қаржы мен көп уақыт қажет»,- деді көлік министрі.
Қарағандыда автокеруенге қатысушыларды қала әкімшілігінің өкілдері, әртістер мен халық-бұқара өкілдері қарсы алды.
14-қазан күні таңертең құрамында мәжіліс депутаттары, министрлік және мекеме басшылары мен журналистер бар автокеруен Алматыға бет түзеді. Сапар барысында автокеруен Балхаш және Приозерск қалаларында шағын аялдамалар жасайды.