15 жылдан кейін Қазақстанда жолдарға қатысты тауқымет болмайды- көлік және коммуникация министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 жылдан кейін Қазақстанда жолдарға қатысты тауқымет болмайды- көлік және коммуникация министрі

15 жылдан кейін Қазақстанда жолдарға қатысты тауқымет болмайды- көлік және коммуникация министрі

"15 жылдан кейін Қазақстанда жолдарға қатысты тауқымет болмайды". Мұндай пікірді ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов Астана мен Алматыны өзара жалғастырған автожолды символикалық түрде ашқан автокеруен құрамында Қарағандыға келген кезде журналистерге арнап өткізген қысқаша баспасөз мәслихатында ортаға салды.

  • 14 Қазан 2003
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанамыздай, озық технологияларға сәйкес күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілген ұзындығы 1224 шақырымдық Астана-Алматы тас жолы еліміздің төрт облысының аумағы арқылы өтеді. Бұл жолды жөндеу және оңалту жұмыстары 1997-жылы басталған. Жол құрылысына 250 млн. доллар көлемінде инвестиция құйылып, оның 238 млн.-ы жол -құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Жолды салуға 7 мың адам жұмылдырылды.

«Дұрыс күтімге алып, сауатты пайдаланған жағдайда бұл жол 30-50 жылға дейін қызмет етеді. Еліміздегі барлық жолдарды дәл осындай деңгейге жеткізу үшін қыруар қаржы мен көп уақыт қажет»,- деді көлік министрі.
Қарағандыда автокеруенге қатысушыларды қала әкімшілігінің өкілдері, әртістер мен халық-бұқара өкілдері қарсы алды.
14-қазан күні таңертең құрамында мәжіліс депутаттары, министрлік және мекеме басшылары мен журналистер бар автокеруен Алматыға бет түзеді. Сапар барысында автокеруен Балхаш және Приозерск қалаларында шағын аялдамалар жасайды.

Соңғы жаңалықтар