Жарияланды: 520

16 депутаттық мандатқа 87 адам бақ сынайды

16 депутаттық мандатқа 87 адам бақ сынайды

Орталық сайлау комиссиясының аумақтық комиссиялары парламент сенаты депутаттығынан үміткер 56 адамның өтінішін тіркеді.

«Қазір сенат депутаттығына бақ сынауға бел буған 56 кандидат тіркелді. 7-шілдедегі мәліметтерге қарағанда, барлығы 87 адамның кандидатурасы ұсынылған», - деп бейсенбі күні Астанада өткен отырыста ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. «Осылайша, бір депутаттық мандатқа 5 адамнан келіп тұр», - деп атап өтті ол. Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, сенат депутаттығынан үміткерлердің 15-ін жергілікті мәслихаттар, қалған 72 үміткер өзін-өзі ұсынған. Кандидаттар саны жағынан Жамбыл облысы алға шықты, облыс бойынша 9 адамның кандидатурасы тіркелген. Үміткерлердің арасында төрт әйел бар. 86 үміткердің тоғызы сенаттың қазіргі депутаттары. Ұсынылған кандидаттардың 42-сі «Нұр Отан» билік партиясының мүшелері. «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият» және Патриоттар партиясы да бір-бір үміткерден үкілеп отыр. 24 адам ешқандай партияның мүшесі емес, 17 үміткер өздерінің қай партияға кіретінін көрсетпеген. Сенат депутаттарын сайлау 19-тамызда өтеді. Бұ жолғы сайлауда 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан бір-бір депутаттан, барлығы 16 депутат сайлануы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін