16 депутаттық мандатқа үшін 87 адам бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 депутаттық мандатқа үшін 87 адам бақ сынайды

16 депутаттық мандатқа үшін 87 адам бақ сынайды

Орталық сайлау комиссиясының аумақтық комиссиялары парламент сенаты депутаттығынан үміткер 56 адамның өтінішін тіркеді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz


«Қазір сенат депутаттығына бақ сынауға бел буған 56 кандидат тіркелді. 7-шілдедегі мәліметтерге қарағанда, барлығы 87 адамның кандидатурасы ұсынылған», — деп бейсенбі күні Астанада өткен отырыста ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Осылайша, бір депутаттық мандатқа 5 адамнан келіп тұр», — деп атап өтті ол.
Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, сенат депутаттығынан үміткерлердің 15-ін жергілікті мәслихаттар, қалған 72 үміткер өзін-өзі ұсынған.
Кандидаттар саны жағынан Жамбыл облысы алға шықты, облыс бойынша 9 адамның кандидатурасы тіркелген.
Үміткерлердің арасында төрт әйел бар.
86 үміткердің тоғызы сенаттың қазіргі депутаттары.
Ұсынылған кандидаттардың 42-сі «Нұр Отан» билік партиясының мүшелері. «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият» және Патриоттар партиясы да бір-бір үміткерден үкілеп отыр.
24 адам ешқандай партияның мүшесі емес, 17 үміткер өздерінің қай партияға кіретінін көрсетпеген.
Сенат депутаттарын сайлау 19-тамызда өтеді. Бұ жолғы сайлауда 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан бір-бір депутаттан, барлығы 16 депутат сайлануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар