16 мамырда «Astana Piano Passion» байқауының жеңімпаздары анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 мамырда «Astana Piano Passion» байқауының жеңімпаздары анықталады

16 мамырда «Astana Piano Passion» байқауының жеңімпаздары анықталады

Жас пианистер байқауының жеңімпаздарының есімдері «Astana Piano Passion» байқауының жабылу салтанатында белгілі болмақ.

  • 13 Мамыр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Классикалық музыка фестивалінің жабылу салтанаты жас пианистер байқауының қатысушылары мен қонақтарына көптеген тосын сый сыйлайды. Нақ осы жерде байқаудың ең қызық сәті — жеңімпаздардың есімдері жарияланатын болады. Бұдан басқа, іс-шара қонақтары қазіргі заманның ең кішкентай жарқын пианистерінің өнерлерін тамашалай алады.

«Astana Piano Passion» фестивалінің жабылуы 16 мамыр күні «Астана Опера» опера және балет театрының негізгі залында өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген жас өнерпаздар үшін елорданың заманауи концерттік залдарында өнер көрсету олардың талаптарын қанаттандыруда керемет тәжірибе болмақ. Жабылу салтанатында қазақстандықтар тыңдайтын балалардың көбі көп күттірмей-ақ әлемдік жұлдыз атануы да әбден мүмкін, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінен.



Перейти к новостям спорта