16 мамырда «Жапон қуыршақтары» көрмесінің ашылуы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 мамырда «Жапон қуыршақтары» көрмесінің ашылуы болады

16 мамырда «Жапон қуыршақтары» көрмесінің ашылуы болады

2011 жылдың 16 мамырында сағ.: 17.00-де Тұңғыш президент мұражайында Жапония елшілігі және жапондық қордың бірігіп ұйымдастыруымен «Жапон қуыршақтары» көрмесінің ашылуы болады. Бұл ҚР Тұңғыш президент мұражайының «Мәдениеттер арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында өткен кезекті мәдени шара. Көрменің мақсаты Қазақстан азаматтары мен астана қонақтарын өнердің дәстүрлі түрлерінің бірі, жапондық қуыршақтармен таныстыру, сонымен қатар Қазақстандағы жапондық мәдениетті терең түсіну және біздің елмен арадағы достық қатынасты дамыту болып табылады.

  • 10 Мамыр 2011
  • 754
Фото - Caravan.kz

«Жапон қуыршақтары» көрмесі халықаралық айналу аясында Индиядан және Астанадан жер шарын айналған саяхатын жалғастырады. Ол біздің Музейдің әдемі залдарының бірі – Алтын залда орналасады. Және бұл кездейсоқтық емес. Көне жапондық мәдениеттің әдемілігі мен таңдамалылығы, әр дәуірдегі дәстүрлер қуыршақтар әлемінен көрінеді. Барлық елде дерлік қуыршақтар балалар ермегімен байланыстырылады. Ал Жапонияда қуыршаққа деген қарым-қатынас басқаша.

Жапонияда қуыршақтар – бұл бейнелеу мәдениеті мен діни символиканың бөлшегі. Күннің шығысындағы елде қуыршақтар жасау өнері Дзёмон кезеңінен (б.д.д. 10 000 жылдан — б.д.д. 300 жыл) бастау алады. Бұл саздан, сүйектен және тас мүсіндер зұлым күштер мен ауырудан, үйді бәледен қорғайтын сақтау қызметін атқарған. Әрине, олар керемет тамашалау мен эстетикалық рахаттанудың заттары болған. Әр қуыршақтың негізінде өзіндік жарқын ерекшеліктер көрсетілген, шеберлердің өзіндік құпияларымен түпнұсқа технологиялар бойынша жасалған. 1936 жылы қуаршақ жасау ресми танылған өнер дәрежесін алды. Ал 1955 жылы көптеген белгілі шеберлер «Тірі ұлттық қазына» құрметті атағын ала бастады. Күн шығыс елінде қуыршақтардың өзіндік тамаша әлемі бар.

Экспозицияда 70 жапондық қуыршақ көрсетілген. Көрме қонақтары императорлық сарай мүшелерін, Кабуки театрының актерлерін, самурайлар, балалар, жапон қалаларының қарапайым тұрғындарын көре алады. Бұл көрме барлықтарыңызды қазіргі қуыршақтардың көркемдік әлемімен, үздік дәстүр мен жапон халқының қазіргі өміріндегі терең толғаныстарымен таныстырады. Біз сіз осы қуыршақтардың әдемілігінен әсерленіп, осы әдеміліктің бөлшегін өз жаныңызда ала кететініңізге сенімдіміз.

Көрме 2011 жылдың 6 маусымына дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта