16 қаңтар. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 қаңтар. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

16 қаңтар. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

16 қаңтар СӘРСЕНБІ

  • 16 Қаңтар 2013
  • 712
Фото - Caravan.kz

АҚШ-та дiни сенімнің бостандық күнi. Қаңтардың 16-сын Құрама Штаттарда дiни сенімнің бостандық күнi деп жариялай отырып, бұрынғы Президент Буш діни сенімге және сол сенімді өз сөздерімен істерінде білдіру құқығы ол «әрбір адамға берілген құқық» деп атап өтті.

Таиландта мұғалім күні. 1956 жылы премьер-министр Филд Маршал Пибулсонкрам бiлiм саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiн — мұғалiм күнін бекітті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1992) Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

21 жыл бұрын (1992) Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында 7 келісімге қол қойылды.

89 жыл бұрын (1924) алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы П.Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өткен.

6 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк бірлестіктерді құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

6 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) қазiргi саясат мәселелеріне арналған төрт монография басылып шықты.

Бұл еңбек халықаралық және аймақтық аренада, соның ішінде Қазақстанда әлемдік геосаясатпен айналысатындардың стратегиялық мүдделері мен жаңа саясаттарын, біздің еліміздің Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекара құрудағы мүдделерін зерттеуге арналған.

Төрт монографияның екеуі қазақ тілінде.

4 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.

7 жыл бұрын (2006) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғалымдары адам жасушасымен және ұлпалардағы әр түрлі заттарды зерттейтін ерекше аппарат-программалық кешенді жасап шығарды. Аталмыш автоматты кешен медициналық диагностиканың сапасын жоғарылатады және жылдамдығын бірнеше дүркін үлкейтеді.

5 жыл бұрын (2008) Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

Әлкей Марғұлан — біртуар, қайталанбас тұлға. Әсіресе, оның еліміздің тарихына, көне дәуірді зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда, ғалымның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өсиеті мен өшпес ғылыми еңбектері Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі тікелей қолдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңінен зерттелу үстінде».

3 жыл бұрын (2010) Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосынов туралы «Айтыстың көркемдік әлемі (О.Досбосынов шығармалары негізінде)» атты зерттеу кітап жарық көрді.

Аталған зерттеу еңбек қазіргі кезеңде кемеліне келген әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық үлесін қосқан О.Досбосыновтың шығармашылығына арналған. Кітапта Оразалының айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері арнайы қарастырылып, бұрынғы ақындар Біржан мен Сара, ұлы Абай өлеңдері, түркі жазба ескерткіштерінің көркемдік сипаттарымен салыстырылып қарастырылған.

Кітап «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығының баспасында 1000 дана таралыммен жарыққа шыққан. Кітаптың авторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі Әйгерім Әлімжанова.

ЕСІМДЕР

113 жыл бұрын (1900-1989) альпинизм және туризмнен спорт шебері, ГТО белгісінің Қазақстандағы алғашқы иегері ЗИМИН Виктор Матвеевич дүниеге келді.

Тау, шаңғы және велосипед туризмін ұйымдастырушы.

1930-1963 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі болды.

1932 жылы Каменский үстіртінде Қазақстандағы алғашқы шаңғыға арналған трамплин салды. 1934 жылы Кішіалматы шыңына көтерілген бірінші топқа, 1935 жылы Комсомол шыңына көтерілген бұқаралық альпиниадаға жетекшілік етті. Сол жылдың қазан айында республикалық альпинистер мен туристер клубын ұйымдастырды.

1935 жылы 12 адамнан тұратын альпинистер тобымен Талғар шыңына, 1938-1940 жылдары Іле Алатауы шыңдарына алғаш рет жол салды.

1940 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында республиканың бас мектептеріне оқытушылар дайындайтын дене тәрбиесі бөлімшесін ашты. Осы бөлімшенің негізінде 1945 жылы Дене тәрбиесі институты ашылды.

В.Зимин есімі Қазақстан Республикасының спорт ардагерлері алтын кітабына енгізілген.

63 жыл бұрын (1950) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі КЕНЖЕБЕКОВА Алмахан Нұрпейісқызы дүниеге келді.

Алматы облысы Райымбек ауданында туған.

Алматы Республикалық эстрада студиясын бітірген.

1975 жылдан Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының актрисасы.

Теарт сахнасында Мақпал (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), Маржан, Бопай (М.Әуезовтің «Қарагөз», «Хан Кене»), Толғанай, Әже, Жәмила, Хадиша (Ш.Айтматовтың «Ана — Жер-Ана», «Ақ кеме», «Жәмила», «Арманым, Әселім») образдарын сомдады.

48 жыл бұрын (1965) ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары ДОНАҚОВ Талғат Советбекұлы дүниеге келді.

1965 жылы Семей облысында туған. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін және КСРО Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының (Мәскеу қ.) аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны бітіргеннен кейін Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында, 1994 жылғы сәуірден Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті. 2000-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары. 2002 жылғы наурыздан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істейді. 2008 жылдың 14 ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2008 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

47 жыл бұрын (1966) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ҚАНЕШЕВ Біржан Бисекенұлы дүниеге келді.

Саратов облысында туған. Саратов политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университеті А.Слоун атындағы менеджмент мектебін бітірген.

1990-1994 жылдары — Саратов облыстық автокөлік пайдалану кәсіпорнының есепшісі, кәсіпорын директорының орынбасары. 1994-1997 жылдары — Орал қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» балалар қорының Батыс Қазақстан өкілдігінің атқарушы директоры. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі департамент басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі,Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпарат жөніндегі комитеттің төрағасы. 2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпараттандыру комитетінің төрағасы. «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ атқарушы директоры.2008-2009 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. Қазіргі қызметінде — 2012 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «100 летия железнодорожного транспорта» медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1973 Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік квартетінің әртісі МЫҢТАЕВ Ернар Әзімқұлұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітірген, виолончелші, концерттік орындаушы, оркестр әншісі, оқытушы, камералық ансамбльдің әртісі.

1995 жылғы желтоқсаннан — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің әртісі.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Д.Сахаров атындағы халықаралық сыйлықтың, Халмамедов атындағы халықаралық виолончелшілер конкурсының (Түрікменстан), Халықаралық виолончелшілер конкурсының (Молдова), «Алтын күзә халықаралық камералық музыка конкурсының, (Украина), Д.Шостакович атындағы шекті аспаптар квартеттері халықаралық конкурсының, Беллини атындағы халықаралық камералық музыка конкурсының (Италия), Халықаралық шекті аспаптар квартеттері конкурсының (Бордо, Франция), Халықаралық камералық музыка конкурсының (Осака, Жапония) лауреаты. «Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және ҚР Президенті кубогының иегері (Астана). «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Испания патшайымы София тапсырған «Испаниядағы жылдың үздік квартеті» дипломының иегері.

53 жыл бұрын (1960) Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының әкімі ОМАРОВ Ғабдырахман Игілікұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды қаржы институтын бітірген. 1985-1992 жылдары — №2 Қарағанды автобус паркінің аға инженері, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1992-2001 жылдары — Қарағанды облысы автокөлік және тас жолдар қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы. 2001-2009 жылдары — Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданы әкімдігінде бас маман, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, әкім орынбасарының міндетін атқарушы, аудан әкімі. 2009-2010 жылдары — Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бастығы. 2010-2011 жылдары — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде — 2011 жылғы қарашадан бері.

60 жыл бұрын (1953) ҚР-ның Орталық-азиялық аймақтық есіткі заттарының заңсыз айналымымен, еліткіш заттармен және олардың прекурсорларымен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының өкілетті өкілі БҰЛҒАҚБАЕВ Болатбек Ақылбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1974), РФ ІІМ Академиясын (1994) бітірген, заңгер-құқықтанушы, MBA, генерал-майор.
1974-75 — Қаскелең АІІБ тергеушісі. 1975-1977 — Қарағанды облатқарукомы ІІБ аса маңызды істер жөніндегі инспекторы, аға инспекторы. 1977-1980 — КСРО ІІМ Киев жоғары мектебінің адъюнкті. 1980-1983 — КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы. 1983-1989 — Жамбыл АІІБ инспекторы, аға инспектор, КМҰКБ бастығы Басқарма бастығының орынбасары, Алматы облысының ІІБ штаб бастығының орынбасары.1990-1992 — Қазақстанның ІІМ бөлім бастығының орынбасары, штаб бастығының орынбасары. 1992-1994 — Президент Аппараты мен Министрлер Кабинеті заңнама бөлімі бастығының орынбасары. 1994-1996 — ҚР ҚМ Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары — Салық полициясы бас басқармасының бастығы. 1996-2000 — Қазақстанның Көлік инспекциясы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Қалжат» кеден терминалының бастығы. 2000-2001 — ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2001 — ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы. 2001 жылдың қарашасынан — ҚР Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы. 2004-2005 — Алматы қаласы бойынша ҚПД бастығы.

2008 жылдан БҰҰ Есірткі және қылмыстылық басқармасының (ЮНОДК) ауқымды жобаларының бірі — Қазақстандағы Ортаазиялық жергілікті ақпараттық үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ) төрағасы.
Милиция қызметкеріне арналған қазақша-орысша сөйлесу сөздігін бірінші болып құрастырды.

79 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ЛАНОВОЙ Василий Семёнович дүниеге келді.

112 жыл бұрын (1901-1973) Куба президенті және диктатор Рубен Фульхенсио БАТИСТА-И-САЛЬДИВАР дүниеге келді.

59 жыл бұрын (1954) кеңестік және ресейлік футболшы, жаттықтырушы ЖУПИКОВ Василий Михайлович дүниеге келді.