16 шілдеде «KazSat-2» серігінің ұшу сапары Twitter-де трансляцияланады
6 шілдеде «KazSat-2» серігінің ұшу сапары «Twitter»-де трансляцияланбақ. |
Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өз блогында хабарлады.
«16 шілде күні! Әлемде тұңғыш рет! «KazSat-2» серігінің ұшу сапары Twitter-де трансляцияланады. @yelikbayev, @dinakuba, @sympaticus, @damirski блоггерлері Байқоңырда!»,- деп жазды Мәсімов өз парақшасында.
«Жаңалықтар таспасы #kzs2 хэштегімен Премьер-Министрдің сайтында http://t.co/gCqy24i арнайы парақшасында трансляцияланатын болады», деп жазды ол.
Үкімет басшысы бұған дейін өз блогында оқырмандарды 3D мәселесіне қатысты әңгімеге шақырған болатын. «3D - қызықты идея. Әңгімелесейік», - деп жазған еді ол Twitter-де.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін