16 жастағы қазақстандықтың тамағын қарсыласы конькимен кесіп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 жастағы қазақстандықтың тамағын қарсыласы конькимен кесіп жіберді

16 жастағы қазақстандықтың тамағын қарсыласы конькимен кесіп жіберді

Матч 2 наурызда Астана қаласында өтті.

  • 3 Наурыз 2018
  • 287
Фото - Caravan.kz


"Снежные Барсы" клубының қақпашысы "Мамонты югры" командасымен өткен матчта жарақат алып қалды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, матч кеше, 2 наурызда Астанада өтті. Кездесу қорытындысы бойынша "Мамонты югры" клубы 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 55-ші минутында "Мамонты югры" клубының қорғаушысы Дмитрий Юшкевич абайсызда конькиімен қақпашы Прокофьевтің тамағын кесіп алды. Абырой болғанда, Прокофьев қатты жарақат алған жоқ, бірақ ол ойыннан шықты. Оның орнына Дмитрий Каратаев шықты.

16 жастағы Прокофьев биылғы маусымда Халықаралық Хоккей лигасына алғаш рет қатысып отыр. Қазақстандық осыған дейін 12 матч өткізіп, 40 шайбаны өткізіп алған.