59 жастағы Омар Қалиқұлов екі баласымен тастап кеткен жас әйелін іздеп "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Қария жас әйелінің үшті күйлі жоғалғанына 1 жыл болып қалғанын айтады. Жас келіншек екі баласын тастап кетіп белгісіз себептермен кетіп қалған.
Редакция Аида Ғабдол есімді қызды алдымен желіден іздеген. Парақшасындағы отбасылық суреттер елді таңқалдырды. Күйеуімен құшақтасып, сүйісіп-өбісіп түскен суреттеріне қарап "Бұл бір шынайы махаббат" дерсің.
Қария жас келіншегін қызғанғанын, тіпті жұрт көзінен жасырып, кетерінде есігіне құлып салатынын айтқан. Өзі 47 жас шамасында болғанында жары 16 жаста болғанын, онымен осы уақыттардан бастап кездесіп жүргенін жеткізді. Сөзінше, қызды ата-анасы "Бізге ұл керек еді" деп менсінбей балалар үйіне өткізіп жіберген.
"Үйге 16 жасында алып келдім. Бірақ ол кезде жақындасқан жоқпыз",- деді Омар Қалиқұлов.
Редакцияға жоғалып кетен Аида Ғабдолды іздеп табудың сәті түскен. Ешкімді кінәламайтынын, балаларын іздегенін дегенімен мекенжайын ауыстырған жолдасын таба алмағанын айтты. Аида Ғабдол өзінің бұралаң тағдырынан әбден шаршаған көрінеді. Журналистке берген сұхбаты барысында ол: "Мен көп қиындық көрдім" деп көзіне жас алады.
Психологтар әке махаббатын көрмеген 16 жастағы қыз әкесіне ұқсайтын адам іздегенін, сол себепті 30 жас үлкен шалға қосылған болуы мүмкін деп болжап отыр. Оқиғаның нақты себептерін Аида алдағы күндері айтатын болады.