16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

16 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

  • 16 Желтоқсан 2019
  • 4
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста – қар түседі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.