Невзат Сайгилиоглы мен Ерлан Қожағапанов ҚР кедендік бақылау агенттігінің кинологиялық орталығында болып, еліміздің іскерлік өкілдерімен және сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірде Түркияның кеден қызметінің жетекшісі Невзат Сайгилиоғлыны ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға түрткі болу, өзара тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізу, инвестициялық ахуалды жақсарту, республиканың заңнамалық базасын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды. Осыған байланысты, кездесуде атап өтілгеніндей, екі мемлекеттің кеден қызметтерінің ролі арта түспек.
Сондай-ақ, кеден ісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, Түркия мен Қазақстанның кедендік заңдарын өзара үйлестіру, электронды кеден құру, есірткі контрабандасымен күрес саласында күш біріктіру жайында талқыланды.