16-17-сәуірде Түркия кеден мекемесінің басшысы Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16-17-сәуірде Түркия кеден мекемесінің басшысы Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасымен кездеседі

16-17-сәуірде Түркия кеден мекемесінің басшысы Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасымен кездеседі

16-17-сәуірде Түркияның кеден қызметінің жетекшісі Невзат Сайгилиоглы Алматыға келмекші. Мұнда ол Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасы Ерлан Қожағапановпен кездеседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 458
Фото - Caravan.kz

Невзат Сайгилиоглы мен Ерлан Қожағапанов ҚР кедендік бақылау агенттігінің кинологиялық орталығында болып, еліміздің іскерлік өкілдерімен және сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірде Түркияның кеден қызметінің жетекшісі Невзат Сайгилиоғлыны ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға түрткі болу, өзара тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізу, инвестициялық ахуалды жақсарту, республиканың заңнамалық базасын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды. Осыған байланысты, кездесуде атап өтілгеніндей, екі мемлекеттің кеден қызметтерінің ролі арта түспек.
Сондай-ақ, кеден ісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, Түркия мен Қазақстанның кедендік заңдарын өзара үйлестіру, электронды кеден құру, есірткі контрабандасымен күрес саласында күш біріктіру жайында талқыланды.

Соңғы жаңалықтар