16-18 маусымда Кеден одағының кеден қызметтері басшылары кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16-18 маусымда Кеден одағының кеден қызметтері басшылары кездеседі

16-18 маусымда Кеден одағының кеден қызметтері басшылары кездеседі

16-18 маусымда Алматы қаласында Кеден одағының кеден қызметтері басшыларының кезекті кездесуі жоспарланып отыр.

  • 6 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен айтты.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жиында кеден қызметтерінің өзара ақпарат алмасуына, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік бақылаудың алынуына қатысты мәселелер талқыланбақшы. Сондай-ақ бірқатар техникалық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

И.Тен сондай-ақ сөзінде 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі шекаралардағы бақылаудың алынуы Кеден одағы Комиссиясы Жоспарының 2009 жылы 21 қазанда бекітілген, яғни мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін қазақстан-ресей шекарасынан Кеден одағының ішкі шекарасына көшіру бойынша бөлігіне сәйкес жүзеге асырылатындығын атап көрсетті.

«Кеден одағы комиссиясының бұл шешімінің орындалуы үшін Қазақстан мен Ресей кеден қызметтері Кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзит амалдарын енгізу, Кеден одағы кеден органдарының нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін бірыңғайлау, тауарлар декларациясының, оларды толтыру тәртібінің бірыңғай үлгісін қабылдау, Кеден одағының ішкі және өзара саудасының бірлескен ақпараттық жүйесін қалыптастыру сияқты бірқатар шараларды жүргізді»,-деді төрағаның орынбасары.

Оның сөзінше, Кеден одағының кеден қызметтері өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін аз уақыт ішінде жаңа талаптарға сай бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдірді. Үстіміздегі жылы Қазақстан және Беларусь Республикаларының кеден органдары тауарлар декларациясының электрондық көшірмелері, кедендік кіріс ордерлері және алдын ала шешімдер бойынша дерек қорын электронды алмасу жұмысын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар