16-қаңтарда Алматыда тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының жаңа иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16-қаңтарда Алматыда тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының жаңа иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді

16-қаңтарда Алматыда тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының жаңа иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді

16-қаңтарда Алматыда тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының жаңа иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Тарлан" сыйлығының үйлестіру комитеті -Қазақстан меценаттары клубынан хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 5252
Фото - Caravan.kz

Сыйлық иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, сыйлық «әдебиет», «ғылым», «музыка», «театр», «бейнелеу өнері», «кино» және «ағартушылық» тәрізді 7 номинация бойынша тапсырылады. «Қосқан зор үлесі үшін», «Жаңа атау-Сенім» және «Платина Тарлан» сынды үш категорияға сәйкес әрбір номинация бойынша үш иегер таңдалады.

Жеңімпаздар есімін сарапшылар кеңесі мен әділ қазылар алқасы анықтады. Жалпы алғанда «Тарлан» сыйлығы биыл төртінші жыл табыс етілгелі отыр. Осы уақыт ішінде 65 адам сыйлықпен марапатталды. Олардың арасында Қазақстан эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева, КСРО халық әртісі, өнерге еңбегі сіңген қайраткер, «Халық ҚаҺарманы» Әзербайжан Мәмбетов, суретші Гульфайруз Исмаилова, ҚР ҰҒА-ның академигі, музыка танушы ғалым Анатолий Кельберг, «Қазақстан анимациясының атасы», қазақтың тұңғыш қуыршақ фильмін түсіруші Әмен Хайдаров, жазушы Герольд Бельгер сынды адамдар бар.

Соңғы жаңалықтар