16-тамызда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының аға лауазым иелері комитетінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16-тамызда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының аға лауазым иелері комитетінің отырысы өтеді

16-тамызда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының аға лауазым иелері комитетінің отырысы өтеді

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі бастамасын одан әрі жүзеге асыру үшін тамыздың 16 мен 19 аралығында Алматыда ұйымның аға лауазым иелері комитетінің отырысы өтеді. Ол

  • 13 Тамыз 2004
  • 449
Фото - Caravan.kz

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының министрлерінің кездесуіне дайындық жұмыстарпына арналған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырыс жұмысына Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөннідегі кеңес ұйымына мүше елдердің өкілдері, бақылаушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес құру туралы бастаманы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше-елдердің мемлекет және үкімет басшыларының тұңғыш саммиті 2002-жылдың маусым айында Алматыда өтті. Ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан тәрізді 16 мемлекет қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония елдері мен бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған.

Перейти к новостям спорта