17 қаңтар күні қар, бұрқасын, кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал
![]() |
Қазақстанның барлық дерлік аумағы фронтальдық бөліктердің ықпалында қалуда, онымен бірге 17 қаңтарда қар, бұрқасын, екпінді жел, кейбір жерлерде тұманның түсуі күтілуде. |
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кейбіңр жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын, желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Павлодар облысында бұрқасын, желдің 17-22 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с соғатын жел, түнде тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман болады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтардықтай өзгерістер күтілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ескерту жарияланған болатын: 15-17 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады, 17-22 м/с дейін соғатын екпінді жел күтіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін