17 сәуірдегі саудада доллар бұрынғыдан да қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.53
  • 588.17
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 сәуірдегі саудада доллар бұрынғыдан да қымбаттады

17 сәуірдегі саудада доллар бұрынғыдан да қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды

  • 17 Сәуiр
  • 4
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,09 теңгеге көтеріліп, 523,20 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,37 теңгеге (+0,035) көтерілді.

Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 71,70 теңге (+0,85) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 521,1-523,7 теңге, еуро 590,5-595,5 теңге, рубль 6,27-6,41 теңге аралығында сатылуда.

17 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 55 центке (0,8%) көтеріліп, барреліне 66,40 долларды құрады.

Американың WTI маркалы мұнайы 66 центке (1,1%) қымбаттап, барреліне 63,13 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 521,67 теңге, еуроны 592,46 теңге, рубльді 6,32 теңге деп белгіледі.