Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Финалда 18 жасқа дейінгі қазақстандық бірінші ракетка Қытай Тайбэйінің өкілі — Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған дейін қос спортшы 2024 жылы күзде өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде кездесіп, сол кезде Нұрланұлы 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
Заңғар бұл жолы матч бастала салысымен басымдық танытты. Ол қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ. Қазақстандық теннисші кездесуді 6:2, 6:1 есебімен қорытындылады.
Бұл жеңіс Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші титулы болды. Ол алдыңғы аптада Кореяның басқа қаласы — Чхунчхонда өткен J200 турнирінде де жеңімпаз атанған еді. Осылайша, Заңғардың хардтағы жеңісті сериясы 11 матчқа дейін жалғасты.