Паттайядағы шахматтан әртүрлі жастағы қатысушылар арасында әлем чемпионаты өтті. Жалпыкомандалық есепте 10 алқаға қол жеткізген қазақстандықтар төртінші орынға ие болды. Қазақстан қоржынына бес қола, үш күміс және екі алтын медаль түсті, деп хабарлады «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен.
Қола алқаға Самал Әбдуәли (13 жасқа дейін), Арыстанбек Оразаев (17 жасқа дейін), Алтынай Қожамқұл (7 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін) және Назерке Нұрғали (11 жасқа дейін) ие болды. Амина Қайырбекова, Ансат Алдияр (7 жасқа дейін), Дениза Құрманалина (7 жасқа дейін) күміс алқаны жеңіп алса, Сайын Жанат (17 жасқа дейін), Амина Қайырбекова (9 жасқа дейін) алтыннан алқа тақты.