17-маусымда парламент үкімет пен есеп комитетінің 2003-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17-маусымда парламент  үкімет пен есеп комитетінің 2003-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдайды

17-маусымда парламент үкімет пен есеп комитетінің 2003-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдайды

17-маусым, бейсенбіде Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өткізіліп, онда халық қалаулылары үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2003-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында аталмыш мәселе бойынша мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Виктор Иванов баяндама жасайды.

Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысында 2003-жылғы республикалық бюджеттің көрсеткіштері былай деп көрсетілген : бюджет түсімдері 722,0 млрд. теңге, бюджет шығындары 773,9 млрд. теңге. 2003-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек: Жалпы ішкі өнім мөлшері 4449,8 млрд. теңге, Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 9,2%. Жылдық орташа инфляция деңгейі 6,4%-ті, ал инфляциялық болжам 5,9%-ті құрады. АҚШ долларының бағамы 149,5 теңге болды. Сыртқы сауда айналымы өткен жылғымен салыстырғанда 31% немесе $21,2 млрд болды.