17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің 70 жылдық мерейтойы тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің 70 жылдық мерейтойы тойланады

17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің 70 жылдық мерейтойы тойланады

17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің 70 жылдық мерейтойы тойланады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 904
Фото - Caravan.kz

Мерейтойға арналған мерекелік шараға шетелдік елшіліктер, мәдени орталықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, университет түлектері мен БАҚ басшылары қатысады.

Университеттен таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, бүгінде ҚазМУ — Қазақстандағы білім мен ғылымның жалауын жоғары ұстайтын қара шаңыраққа айналды. «Университет іс-қызметі білім беру, ғылым, мәдениет салалары мен еліміздің рухани байлығын үстемелей дамытуға бағытталады».
Бастапқыда С.Кировтың есімімен аталған Қазақ мемлекеттік университеті 1934-жылы алғаш ашылғанда онда бар-жоғы екі-ақ факультет — физика-математика және биология факультеттері ғана болған. Соңынан химия факультеті құрылды. Ал 1938-жылы аспирантура ашылды. Соғыс қарсаңында Қазақ мемлекеттік университетінің 23 кафедрасында 128 оқытушы қызмет еткен.
1991-жылы университетке Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі берілді, ал 2001-жылы ол Қазақ Ұлттық университеті деген мәртебеге ие болды.
Бүгінде 14 факультет, 104 кафедра, 8 ҒЗИ, техносаябақ, колледж және білім жетілдіру институттарын қамтитын университет құрылымында 300-ден астам ғылым докторлары мен профессорлар, 800-ден аса ғылым кандидаттары мен доценттер еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар