Caravan Logo

17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің 70 жылдық мерейтойы тойланады

17-сәуірде еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің 70 жылдық мерейтойы тойланады

Мерейтойға арналған мерекелік шараға шетелдік елшіліктер, мәдени орталықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, университет түлектері мен БАҚ басшылары қатысады.

Университеттен таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, бүгінде ҚазМУ - Қазақстандағы білім мен ғылымның жалауын жоғары ұстайтын қара шаңыраққа айналды. "Университет іс-қызметі білім беру, ғылым, мәдениет салалары мен еліміздің рухани байлығын үстемелей дамытуға бағытталады".
Бастапқыда С.Кировтың есімімен аталған Қазақ мемлекеттік университеті 1934-жылы алғаш ашылғанда онда бар-жоғы екі-ақ факультет - физика-математика және биология факультеттері ғана болған. Соңынан химия факультеті құрылды. Ал 1938-жылы аспирантура ашылды. Соғыс қарсаңында Қазақ мемлекеттік университетінің 23 кафедрасында 128 оқытушы қызмет еткен.
1991-жылы университетке Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі берілді, ал 2001-жылы ол Қазақ Ұлттық университеті деген мәртебеге ие болды.
Бүгінде 14 факультет, 104 кафедра, 8 ҒЗИ, техносаябақ, колледж және білім жетілдіру институттарын қамтитын университет құрылымында 300-ден астам ғылым докторлары мен профессорлар, 800-ден аса ғылым кандидаттары мен доценттер еңбек етеді.