18 адам мәслихат депутаттығынан өз кандидатураларын қайтарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 адам мәслихат депутаттығынан өз кандидатураларын қайтарып алды

18 адам мәслихат депутаттығынан өз кандидатураларын қайтарып алды

11-тамыздағы жағдаймен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген 7549 адамның 18-і өз кандидатураларын қайтарып алды,- деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.

  • 13 Тамыз 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, олардың барлығы да өз өтініштері негізінде кері қайтарған.

12-тамыздағы жағдаймен еліміз бойынша 7531 кандидат тіркелді. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 1805 кандидат тіркелді. Атап айтсақ, Ақмола облысынан — 86, Ақтөбе облысынан — 43, Алматы облысынан — 90, Атырау облысынан — 36, Шығыс Қазақстан облысынан- 117, Жамбыл облысынан — 167, Батыс Қазақстан облысынан — 63, Қарағанды облысынан — 202, Қызылорда облысынан — 88, Қостанай облысынан — 89, Маңғыстау облысынан — 74, Павлодар облысынан — 66, Солтүстік Қазақстан облысынан- 74, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 185, Астанадан — 175, Алматыдан — 250 кандидат тіркелді.
Аудандық мәслихаттарға 3664 кандидат тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан — 320, Ақтөбе облысынан — 158, Алматы облысынан — 323, Атырау облысынан — 149, Шығыс Қазақстан облысынан- 361, Жамбыл облысынан — 367, Батыс Қазақстан облысынан — 181, Қарағанды облысынан — 253, Қызылорда облысынан — 271, Қостанай облысынан — 284, Манғыстау облысынан — 76, Павлодар облысынан — 152, Солтүстік Қазақстан облысынан- 203, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 566 кандидат тіркелді.
Қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткер ретінде 2062 адам тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан — 94, Ақтөбе облысынан — 29, Алматы облысынан — 83, Атырау облысынан — 31, Шығыс Қазақстан облысынан- 294, Жамбыл облысынан — 109, Батыс Қазақстан облысынан — 81, Қарағанды облысынан — 463, Қызылорда облысынан — 55, Қостанай облысынан — 221, Манғыстау облысынан — 72, Павлодар облысынан — 144, Солтүстік Қазақстан облысынан- 73, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 313 адам тіркелді.

Соңғы жаңалықтар