18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ - Ақмола облысы

18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ - Ақмола облысы

Шортанды ауданында 18 литр сүт ұрлаған 49 жастағы әйел қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz


Полицейлердің мәліметі бойынша аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруашылықтардың бірінің өкілі хабарласып, № 1 сүт-тауар фермасынан 18 литр сүт пен 3 келі алюминий сымы ұрланғанын айтып шағымданған. 
Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Шортанды ауданы Раевка ауылының 49 жастағы тұрғыны әйел қолға түсіп, кінәсін толық мойындады.
Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 187 бабының 1 бөлімі бойынша (ұсақ ұрлық жасау) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар