Полицейлердің мәліметі бойынша аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруашылықтардың бірінің өкілі хабарласып, № 1 сүт-тауар фермасынан 18 литр сүт пен 3 келі алюминий сымы ұрланғанын айтып шағымданған.
Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Шортанды ауданы Раевка ауылының 49 жастағы тұрғыны әйел қолға түсіп, кінәсін толық мойындады.
Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 187 бабының 1 бөлімі бойынша (ұсақ ұрлық жасау) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.