Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы — Тәуелсіздік күні (1810). Чили — Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Перумен, шығысы Боливия, Аргентинамен, оңтүстігі мен батысы Тынық мұхитымен шектеседі. Мемлекет құрамына Отты жер аралының батыс бөлігі және Пасха, Хуан-Фернандес, Веллингтон, т.б. аралдар кіреді. Астанасы — Сантьяго қаласы. Мемлекеттік тілі — испан тілі. Ақша бірлігі — песо.
Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.
Әзірбайжанның ұлттық музыка күні. Әзірбайжандағы ұлттық музыка күні жыл сайын 18 қыркүйекте, Әзірбайжанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Узеир Абдул Гусейн оғлы Гаджибековтің туған күнінде атап өтіледі.
Арменияда астрономдардың күні. Арменияның Халық батыры, армян ғалымы, астрофизика саласының негізін салушы Виктор Амбарцумянның туған күнінде жыл сайын аталып өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
38 жыл бұрын (1975) Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды.
21 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
7 жыл бұрын (2006) Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Мемлекет басшысы сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, «Желтоқсан» қозғалысының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
13 жыл бұрын (2000) «Қазақстан Петролеум» қауымдастығы «Мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі» терминологиялық сөздігін шығарды.
Сөздікті құрастыруға республикаға белгілі, мұнай және газ өндіру саласына қатысты сарапшылар қатысқан. 3 мың данада шыққан терминологиялық сөздік барлық мұнай компаниясының қызметкерлеріне тегін таратылып берілген.
8 жыл бұрын (2005) Астанада АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), «ЭксонМобил» компаниясының және Қазақстандық несиелендіру орталығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.
ЮСАИД-тың кәсіпкерлікті дамыту жобасының шеңберінде Орталық стратегиялық консалтинг бойынша қызмет көрсетеді, Астана қаласының кәсіпкерлері арасында нарық заңдарына негізделген қағидаларды жақсартуға бағытталған қаржы менеджменті, маркетинг және кадрларды басқару бойынша тренингтер өткізіледі.
6 жыл бұрын (2007) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды.
Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді.
5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.
Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өркениеттің болашағы және өркениеттік серіктестіктің стратегиясы» атты ІІІ Өркениет форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций» атты кітабының таныстырылымы өтті.
ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1945) Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы, жазушы РАХМАТУЛЛА Жақсылық дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.
1979 жылдан бастап Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы», облыстық «Ленин жолы», Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде жауапты қызметтер атқарып, 1998-2008 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.
Әдеби дүниелері 1984 жылдан бастап республикалық баспасөздерде жарияланып келеді. Оның «Қолшатыр», «Шырағың сөнбесін», тағы басқа кітаптары жарық көрді. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
59 жыл бұрын (1955) ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі ҚОҢЫРАТБАЙ Тынысбек Әуелбекұлы дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, «Өнер» баспасының редакторы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, Қазақ педагогикалық институты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, «Музыка әлемінде», «Қазақ және әлем әдебиеті» журналдарының бас редакторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры.
Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Еңбектерінде қазақ эпосы мен этнографиялық тарихын ұштастыра қарастырады.
«Қорқыт ата» атты симфониялық поэма, «Дала суреттері», т.б. соната, музыкалық пьеса, әндер жазған. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.
87 жыл бұрын (1926-1999) жазушы ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ Сейтқан дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданында туған. 1944-1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. 1947 жылы — Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948-1954 жылдары — Шыңжаң халық демократиялық одағы Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары. 1954-1957 жылдары — Қытай Коммунистік партиясының Алтай аймақтық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958-1964 жылдары — «Алтай» газетінің бас редакторы. Жазушы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түсіп, абақтыға жабылған. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға бас сауғалайды.
Қаламгердің 3 роман, 4 повесть, 2 өлеңдер жинағы монғол, қазақ тілдерінде кітап болып жарық көрген. 1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туған.
194 жыл бұрын (1819-1868) француз физигі және астроном, оптика, механиа, электр магниті саласында жұыс жасаған ғалым ФУКО Жан Бернар Леон дүниеге келді.
105 жыл бұрын (1908-1996) кеңестік астрфизик, академик, КСРО-да теориялық астрофизианың негізін салушы АМБАРЦУМЯН Виктор Амазаспович дүниеге келді.
74 жыл бұрын (1939) портуғал саяси қайраткері, 1996-2006 жылдардағы Португалия Республикасының президенті Жорже Фернанду Бранку де САМПАЙЮ дүниеге келді.
61 жыл бұрын (1952) ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде туған. Куйбышев жоспарлау иститутынын (1973) экономист мамандығы бойынша; Алматы Жоғары партия мектебін (1987) бітірді. Саяси ғылымының докторы. Қазақстан Республикасы Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Еңбек жолын 1973 жылы Пенза облысы Кузнецк қаласындағы аспаптық жабдықтау және конденсаторлар зауытында инженер-экономист болып бастады. 1973 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметтен соң туған елі Қазақстанға қайта оралады. Он жыл көлемінде Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы қызметінен Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің екінші хатшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1985-1991 жылдары аралығында — Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы және сонымен қатар (1990 жылдан бастап) халық депутаттары Көкшетау қалалық кеңесінің төрағасы болды. 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы туризм, дене тәрбиесі және спорт министрінің орынбасары болды. 1993 -1999 жылдар аралығында қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді. 1999 және 2005 жылдарда өткен Мемлекет басшысын сайлау науқандарында Алматы қаласы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. 1999-2004 жылдар аралығында — екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004-2007 жылдар аралығында — үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 жылдың қараша айынан бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды. 2007-2009 жылдар аралығында — төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап — бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі.
«Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Достық» ордендерімен, ТМД-ның «Достастық» орденімен, сегіз медальмен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
48 жыл бұрын (1965) ҚР «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы БЕКТАНОВ Мұрат Кәрібайұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күшттерінің Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1989-1990 жылдары — мотоатқыштар взводының командирі. 1990 жылы денсанттық-шабуылдау взводының командирі, 1990-1993 жылдары — десанттық шабуылдау батальонының барлау бастығы, 1993-1997 жылдары — Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттар ротасының взвод командирі, 1997-1998 жылдары — мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары-штаб бастығы, 1998 жылы — ҚР Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері, 1998-2000 жылдары — академия тыңдаушысы, 2000-2001 жылдары — ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау департаментінің топ бастығы, аға офицері, 2001-2005 жылдары — Республикалық ұланның жауынгерлік қызмет және әскерлерді даярау департаментінде басқарма бастығы, жедел басқару бастығы, департамент бастығы. 2005-2007 жылдары — Бас штаб Әскери акадесмиясының тыңдаушысы. 2007-2010 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің департамент бастығының орынбасары. 2010-2013 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастығы комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы. Қазіргі қызметінде — 2013 жылғы шілдеден бері.
46 жыл бұрын (1967) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры ТОРТАЕВ Бауыржан Қадырұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді Серго Орджоникидзе атындағы Басқару академиясын бітірген .
1991-1992 жылдары — Семей тауарлы-шикізат биржасы ақпараттық-анықтама орталығының маманы. 1992 жылы — «»Байгел» ШК инженер-бағдарламашысы. 1992-1993 жылдары «Дидар» шағын жеке кәсіпорынның бас бухгалтері. 1993-1994 жылдары «Арпа масағы» жеке шағын кәсіпорнының бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары — ұ»Шарт» ұжымдық кәсіпорынының коммерциялық директоры. 1995 жылы — «Семей «Шаруашылық тауарлары» АҚ бас бухгалтері. 1996-1997 жылдары — Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы. 1997- 1998 жылдары — Семей қаласы әкімі аппаратының экономикалық бөлімінің консультанты. 1998-1999 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2002-2008 жылдары — ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде — 2010 жылдың наурызынан бері.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005). медалімен марапатталған.
56 жыл бұрын (1957) ресейлк эстрада және кино актері, шоумен АВАНЕСЯН Карен Гарегиновичдүниеге келді.