18 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар келесі жылы да «В» тобына өнер көрсететін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар келесі жылы да «В» тобына өнер көрсететін болды

18 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар келесі жылы да «В» тобына өнер көрсететін болды

Кеше түнде Венгрияның Секешфехерваре қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында Бірінші дивизонның «В» тобындағы көшбасшылар 5-тур ойындарын өткізді.

  • 18 Сәуiр 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz


Онда келесі жылы «А» тобында бақ сынауға мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынған болатын. Қазақстан мен Беларус құрамалары арасындағы бұл ойын 5:6 есебімен аяқталды. Василий Васильченко жаттықтыратын қазақстандықтар кездесудің бірінші кезеңінде 4:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Екінші кезеңде 0:3 есебімен қарсыластарына есе жіберіп алды. Ал үшінші кезеңде 1:0 есебімен басым түскенімен, жалпы есеп 5:6 боп аяқталды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы келесі жылы да «В» тобында өнер көрсететін болды, ал Беларус спортшылары «А» тобында бақ сынауға қол жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера