"180 млн теңге алып берген": Әйелдерді декретке қомақты қаржымен шығарған бухгалтер 5 жылға сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"180 млн теңге алып берген": Әйелдерді декретке қомақты қаржымен шығарған бухгалтер 5 жылға сотталып кетті

"180 млн теңге алып берген": Әйелдерді декретке қомақты қаржымен шығарған бухгалтер 5 жылға сотталып кетті

Ақтөбе облысында бухгалтер әйелдерді декреттік демалысқа шығарып бергені үшін, 5,5 жылға сотталды.

  • 19 Қараша
  • 12
pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Stan.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ақтөбелік бухгалтер 40-тан астам әйелді декреттік демалысқа шығарған.

30 жастағы бухгалтер 40-тан астам әйелді декреттік демалысқа шығып, 180 413 146 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған. Миллиондап ақша алғандардың қатарында Ақтөбе облысының ғана емес, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстардың әйелдері бар. Олардың барлығы Кандығаштағы бірнеше жеке кәсіпкерліктің “қызметкері” болып тіркелген. Бухгалтер олардың атынан зейнетақы жарналары мен медициналық сақтандыру төлемдерін жасап, барлық әлеуметтік аударымдарды жүргізіп отырған. Алайда іс жүзінде әйелдер жұмыс істемеген. Жалған тіркеудің арқасында олар ірі көлемде әлеуметтік төлем алған.

Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылғандай, айыпталушы бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу саласында білімі мен тәжірибесі болған. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы “Декретке миллионмен” атты курс бойынша оқудан өткен.

Перейти к новостям спорта