182 ХҚКО жаңа жұмыс форматына көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
182 ХҚКО жаңа жұмыс форматына көшті

182 ХҚКО жаңа жұмыс форматына көшті

Бүгінгі күні республикада 182 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылды,

  • 7 Қараша 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңғыртылған ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдісі өзгертілді, қызмет көрсетудің кедергісіз тәсілі мен бірегей электронды кезек енгізілді, ғимараттарға жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, Интернет немесе call-орталықтар арқылы кезекке тұру жүйесі іске қосылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Клиенттерге арнайы мониторлар арқылы ХҚКО қызметкерлерінің жұмысын бағалау мүмкіндігі берілген, бұл нақты қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен деңгейін анықтауға жағдай жасайды.

«Кең ғимараттарда орналасқан ХҚКО-да электрондық үкімет бұрышы ұйымдастырылған. Онда консультанттар электрондық анықтама алу, салықтар мен айыппұлдарды онлайн төлеу және электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) алудың жолдарын түсіндіреді», — деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ХҚКО жұмысын үйлестіруді бақылау жөніндегі Комитеттің ақпаратына қарағанда, қалған халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, республикада ХҚКО жаңғырту Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүргізілуде. 2011 жылдың мамыр айында Астана қаласы Алматы ауданындағы ХҚКО-да ілкі режімде халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жоба жүзеге асырылған. 2011 жылдың соңына дейін облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларындағы алғашқы 28 халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңғыртылды.

Соңғы жаңалықтар