Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, облыста Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына шаралар жоспары құрылған. Шаралар мамырдан бері жүргізіліп жатыр екен. Ең алдымен Астана мен Түркістанда "Бейбарыс" қойылымымен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының гастрольдері өткен.
Қыркүйекте Сұлтан Бейбарыстың портреті мен оның дәуіріне арналған кездесулер мен кештер өтеді. Қазан айында облыста республикалық айтыс, Дешті Қыпшақ даласынан Бейбарыстың шығу тегі туралы ғылыми-практикалық конференция, жергілікті суретшілердің симпозиумдары, сондай-ақ Мысырдағы облыстық театрдың гастрольдері жоспарланған.
"2023 жылға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар өткізу үшін 183 863 450 теңге бөлінді. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады", — деп хабарлады облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы.