Стадионның шатыры қардың салмағын көтере алмапты. Оқыс жайт кезінде алаңда жаттығу жасап жүргендер "төбемізге бірнеше тонналық құрылыс материалы құлай жаздады" деп мәлімдеді.
Бұл туралы Бірінші арна Еуразияға сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"185 миллион доллары. Дәл осындай қаржыға тұрғызылған Орталық Азиядағы теңдессіз спорт кешені кешегі күн райының күрт жылып кетуіне байланысты шатыры опырылып түсті. Шатыр деуге келмейді әрине. Шатырдың бір бөлігіндегі мынадай "поликарбонат" деп аталатын жабынды қардың екпініне шыдас бермей опырылып түскен. Сол сәтте осы маңда спортшылар жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыпты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал, қазір мұнда альпинистер қардан тазартып жатыр нысанды",-деді.
"Мынау масқара ғой. Неге төбені тазаламайды? Жүгіру тым қауіпті. Астана Арена".
Дәл осындай видеоны әлеуметтік желіге спорттық нысанда жаттығу жасап жүрген қала тұрғыны жүктеген. Оның сөзінше, спортшылар шынығып жатқан жүгіру жолағына қар массасы құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Осы келеңсіз жәйтке түсінік берген "Астана Арена" өкілдері, қазір нысанда қалыпқа келтіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтады.
"Оқыс оқиға 9 ақпан күні таңертең болды. Үш-төрт поликарбонатты тақтайша опырылып құлаған. Шатырдың құрастырғыш бөлігіне зақым келмеген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі қазір есептеліп жатыр. Тақтайша, қар екпініне шыдас бермей құлаған. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда",-деді ",- Астана арена" спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев, :
Жалпы бұл бір мезетте 30 мың 200 көрерменді сыйдыруға қауқарлы спорт кешен УЕФА-ның 4 категориялы стадиондарының қатарына жатады. Демек, кәрі құрлықтың басты матчтарын өткізуге құқылы. Қыруар қаржыға тұрғызылған нысан 2009 жылы Елорданың 10 жылдық мерей тойының қарсаңында көпшіліктің игілігіне берілген болатын.
"Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлерімен 11 сағат 05 минутта "Астана Арена" мекемесіне шығып, көзбен шолу барысында шатырдың құлау фактісі тіркелді. Бұл жәйт бойынша 8 кв.м жерде көп қар шоғырланған жерде қардың салмағынан поликарбонат құрылғысы шатырдағы қарды ұстап тұратын, Астана Арена аймағына құлағаны байқалды",- Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданы ТЖБ Бас маманы Бағлан Қырбаз
Бұл "Астана Арена" стадионы төңірегіндегі алғашқы дау емес. 2015 жылы Елорда күніне "Муз ТВ" байқауының жеңімпаздары дәл осы спорт кешенінде гала-концерт өткізген еді. Сол кезде де табиғат тосын мінезін көрсетіп, Ресейден келген қонақтардың үстіне нысанның шатырынан су аққаны да көпшіліктің есінде.
Қазіргі кезде, спорт кешені қысқы мерзімге жабық болуына байланысты негізгі жасыл манежді ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, оқыс оқиға бойынша стадионның 5 бірдей лауазымды қызметкері қатаң сөгіс алыпты. Орын алған олқылықтар алдағы уақытта реттеліп, шығын көлемі есептелетін болады.