"187 мың теңге қай жыртығын жамайды?": Қазақстанның жаңа жас әділетті прокурорлары тоқ болу керек - заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"187 мың теңге қай жыртығын жамайды?": Қазақстанның жаңа жас әділетті прокурорлары тоқ болу керек - заңгер

"187 мың теңге қай жыртығын жамайды?": Қазақстанның жаңа жас әділетті прокурорлары тоқ болу керек - заңгер

Әділетті Қазақстанның жаңа жас әділетті прокурорлары тоқ болу керек!

  • 18 Қазан
  • 18
Фото: pixabay.com

Заңгер Айгүл Орынбек бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Елімізде прокуратура қызметкерлерінің жалақысы өте аз. 187 мың теңге. Әсіресе ауыл аймақтарда жұмыс істеп жүрген жастардың қай жыртығын жамайды?

«187 мың теңге қайда жетеді? Әсіресе ауыл аймақта жұмыс істеп жүрген жастарға бұл айлық жетпейді. Өзіңіз білесіз ауыл аймаққа ауысып жұмыс істейтіндерге пәтерақы төленбейді. Әрине ақша жетпегеннен кейін, қызметкерлер пара алуға мұқтаж болады.

Әділетті Қазақстанның жаңа жас әділетті прокурорлары тоқ болу керек! Қадағалау әділетті болсын десек,айлықтары да соған сай болу керек. Биыл прокуратура қызметінен мен білетін біраз мықты жас кадрлар жұмыстан кетті. Бәрінің айтатын уәжі айлық аз! Елге адал қызмет ету үшін , соған лайық жағдайлары жасалуы керек», — дейді заңгер Айгүл Орынбек.