19 миллионыншы болып тіркелеген баланың отбасы туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19 миллионыншы болып тіркелеген баланың отбасы туралы не білеміз?

19 миллионыншы болып тіркелеген баланың отбасы туралы не білеміз?

Еліміздегі он тоғыз миллионыншы тұрғын Алматы облысында дүниеге келді.

  • 5 Тамыз 2021
  • 53
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің әлеуметтік желісінде жариялаған. Жания Азаматқызының туғанына бір жарым ай өтсе де, қуанышты жаңалық енді ғана таралуда. Тосын хабардан ата-анасын да бұған дейін бейхабар болып шықты.

Тың ақпаратқа әлі де болса сене алмай жүрген отбасына «Еуразия» бірінші арнасы қонаққа барып келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны Жания Азаматқызы дәл осы баспанада тұрады. Дүние есігін ашқанына бүгін тура қырық бес күн. Төртінші қыздарының дәл осындай тосын сыйын ата-анасы да күні кеше етіпті. Күтпеген жаңалыққа әлі де қобалжп отырғандарын айтады".

Азамат Нұрғалиев пен Назгүл Көбентаеваның шаңырағындағы төртінші перзент 20-маусым күні дүниеге келіпті. Сәбиді перзентханадан аман-есен шығарып, бір айдан астам тып-тыныш өмір сүрген. Алайда, кеше кешқұрым бақылаушы дәрігері хабарласып мән-жайды түсіндіріп, құттықтағанда біраз толқығандарын айтады.  

НАЗГҮЛ КӨБЕНТАЕВА, ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Қуаныштан ұйықтай да алмадық шыны керек. Мына президентіміз біз тура он тоғыз миллионыншы екенбіз, сол кісі айтпаса біліп те жатқан жоқпыз. Білмейді екенбіз де. Кеше түнде естіп мәз болып қуанып жатырмыз".

Бір отбасын емес, бүкіл елді бүгін қуанышқа бөлеген Жәния түнгі сағат 2 жарымда дүниеге келіпті. Салмағы 4 келі 160 грам болса, бойының ұзындығы 57 см. Президенттің ақпаратынан кейін жан-жақтан қоңыраулар түсіп, ағайын туғаннан бөлек барлық ауыл тұрғындары да арқа-жарқа болып құттықтауда. Арада біраз уақыт өткендіктен, шақалақ қырқынан да шығып үлгерген екен.

АЗАМАТ НҰРҒАЛИЕВ, ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Кішкентайымыз тіфай-тіфай жақсы. Қырқынан шықты. Өсіп жатыр ақырындап. 00:50 Әлі күнге дейін өз-өзіме келе алмай жатырмын. Біртүрлі сенгісіз. Көп внимание. Мұндайға үйренбегенбіз біз".

Жағымды жаңалықпен бөлісіп, Нұрғалиевтер әулетін құттықтау үшін бүгін Талдықорғаннан облыс әкімінің орынбасары да төбе көрсетті. Бір миллион теңгенің сертификаты мен түрлі сый-сыйапаттарын табыстаған қызметкерлер, бұған дейінгі 18 миллионыншы тұрғын да осы өңірде дүниеге келгенін жеткізді.  

АРСЛАН ДӘНДІБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Негізі тек қана Алматы облысы емес бүкіл Қазақстан үшін үлкен жетістік менің ойымша. Мемлекет басшысы айтқандай, ол біздің еліміздің мақтанышы. 19 миллионға құдайға шүкір жетіп отырмыз. Төрт жыл бұрын 18 миллионыншы қызымыз ол да Талдықорғанда туған. Амандық болса 20 миллионыншы ол да Алматы облысына келсе біздің қуанышымыз шексіз болады".

39 жастағы Азамат Нұрғалиев пен 35 жастағы Назгүл Көбентаеваның ең үлкен қыздары 14 жаста болса, екіншісі 9-да. Ал, үшінші қыздары шетінеп кеткен екен. Сондықтан тізім бойынша Жәнияміз төртіншісі дейді. Ал, тілеулес болғандардың сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, бүлдіршіндердің саны одан әрі көбеюіне тілектес болуда.