19 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

19 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

19 қараша. СЕЙСЕНБІ

  • 19 Қараша 2013
  • 804
Фото - Caravan.kz

Монако Княздігінің Ұлттық мейрамы — Ұлт күні. Монако — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы — Монако қаласы. Ресми тілі — француз тілі. Ақша бірлігі — еуро. Монако 4 қала-округтен: Монако-Виль, Ля Кондамин, Монте-Карло және Фонтвьелльден құралады.

Ресей зымыран әскерлері мен артиллерия күні. 1942 жылғы 19 қарашада Қызыл Армияның қарсы шабуылға шығуын қамтамасыз еткен, Сталинград түбінде гитлершілерді талқандаудағы артиллерия жетістіктерінің құрметіне аталып өтеді.

Ресей әйнек өнеркәсібі қызметкерінің күні. Глазурьдің, әйнектің, фарфордың химиялық өндірісін ойлап шығарған Михаил Васильевич Ломоносовтың туған күнінде атап өтіледі.

Украина гидрометеорологиялық сала қызметкерлерінің күні. Украина Президентінің 2003 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 жыл бұрын (2004) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында композитор, КСРО халық әртісі, профессор Еркеғали Рахмадиевтың «Абылай хан» операсының премьерасы болып өтті. Спектакльде театрдың белді жеке орындаушылары — Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Дина Хамзина, Бақытжан Сқақов, Шахимардан Әбілов, Талғат Күзембаев, т.б. ойнады. Хореографиялық көріністерді ҚР халық әртісі Гүлжан Түткібаева қойған, дирижерлері — Нұрлан Жарасов пен ҚР халық әртісі Базарғали Жаманбаев.

9 жыл бұрын (2004) Лондондағы Жаратылыстану тарихы мұражайында «Студенттер бизнеспен кездеседі» арнайы тақырыптық кездесуі өтті. Ұйымдастырушы -Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қатысуымен және қолдауымен Британдық-Қазақстандық қоғам (БҚҚ). Пікірсайыстарға британдық ЖОО-да оқитын жүзге жуық қазақстандық студенттер мен бірқатар Қазақстанда жұмыс істейтін британдық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ BG Group, FMC (Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инжинирингтік компания) компанияларының, Рединг университетінің өкілдері қатысты. Жаһандық энергетикалық нарықты ұзақ мерзімді келешекке дейін дамыту, энергияның баламалы көздерін іздестіру, жаһандану үдерісінің мәселелері мен оның халықаралық қарым-қатынастарға әсері жайындағы мәселелер талқыланды.

7 жыл бұрын (2006) 19-21 қарашада Кувейтте жоғары білім мәселелеріне арналған Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) жанындағы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) 3-інші сессиясы өтті. Оған 56 мұсылман мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Жиналыс мақсаты — оларды әлемдегі неғұрлым атақты ЖОО тізіміне енгізу мақсатымен ИКҰ-ға мүше елдердің үздік 20 университетін анықтау. ИСЕСКО-ның Бас хатшысы Абдель Азиз аль-Туэйгри қазақстандық тараптың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы қатарлы университеттері қатарына қосу туралы ұсынысын қолдады.

5 жыл бұрын (2008) Астанада «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестік сұхбат» атты I халықаралық форум болып өтті. Мәжіліске мемлекеттік органдар, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумда бизнес саласына маман дайындау және жұмыс беруші құрылымдардың қатысуымен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту проблемалары талқыланды.

6 жыл бұрын (2007) Атырау-Ақтау автожолында Қарабатан-Доссор тарауындағы қозғалыс ашылды.

Бұл автокөлік жолы халықаралық транзиттік дәліз болып табылады.

ЕСІМДЕР

125 жыл бұрын (1888-1942) шахматтан әлем чемпионы КАПАБЛАНКА Хосе Рауль дүниеге келді.

Ол өз өмірінде ресми түрде 583 партия ойнап, оның 302-ін ұтып, 35-інде ұтылған, ал 246 партияны тең аяқтаған. Оның енгізген теориялық жаңалықтары мен ойын этюдтары осы күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

74 жыл бұрын (1939-2004) тоғыз құмалақтан спорт шебері, республикалық біріншіліктің чемпионы АЙТМАҒАНБЕТОВ Әбдібек дүниеге келді.

Қостанай облысы Жангелді ауданында туған.

«Қайрат» спорт қоғамының төрағасы қызметін атқарған.

Тоғыз құмалақтан Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасында өткен жарыста үшінші орынды иеленген. Бауыржан Момышұлы құрметіне тоғыз құмалақтан өткен республикалық біріншілікте бас жүлдені жеңіп алған.

Қостанай облысында спорт және дене шынықтыруды дамытуда зор үлес қосқан.

51 жыл бұрын (1962) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты МЫҢБАЕВ Сауат Мұхаметбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандағы бойынша тәмамдады.1995-1998 жылдары жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2001 — 2002 жж. аралығында «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жж. — «Каспий Өнеркәсіп — Қаржылық тобы» ЖШС-ның бас директоры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004ж. желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006 — 2007 жж. — «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007-2010 жылдары — ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010-2013 жылдары — ҚР мұнай және газ министрі.

Қазіргі қызметінде — 2013 жылғы шілдеден бері.

ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.  

96 жыл бұрын (1917-1984) үнді мемлекеттік және саяси қайраткері, 1966-1977 және 1980-1984 жылдардағы Үндістан премьер-министрі ГАНДИ Индира дүниеге келді.


57 жыл бұрын (1956) ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет Қабидинұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген. Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 199094 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды. 199498 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды. 199498 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 19982002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 200608 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.Қазіргі қызметінде — 2013 жылғы сәуірден бері.

«Құрмет», «Парасат»» жәнем ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1962) Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі — министр АЛДАБЕРГЕНОВ Нұрлан Шәдібекұлы дүниеге келді

Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан — Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. Қазіргі қызметінде — 2012 жылдан бері. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

65 жыл бұрын (1948) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық «Хэсэд Полина» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы БАРОН Александр Иосифович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, балалар-дәрігері.

1972-1992 жылдары — теміржол ауруханасында балалар дәрігері, анестезиолог-реаниматолог, инемен емдеу терапевті. 1992 жылдан — ҚР еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығының төрағасы. 1994-1996 жылдары — ТМД және Ресей еврей ұйымдары мен қауымдары федерациясының тең төрағасы. 1996 жылдан — «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде — 2013 жылғы сәуірден бері.

49 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі СОВЕТСКИЙ Вячеслав Крестьянович дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қостанай педагогикалық институтын, Санкт-Петербор экономика және басқару институтын, Йель университетін (АҚШ) бітірген.

1989 жылдан — облыстық комсол комитетінің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Қостанай аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 2004-2005 жылдары — Қостанай облыстық әкімшілігі әкімі аппаратының бас маманы; Лисаков қаласы әкімінің орынбасары және Лисаков арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары; ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің салааралық үйлестіру және лицензиялау басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2009 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы. Қазіргі қызметінде — 2009 жылғы тамыздан бері.

92 жыл бұрын (1921-1998) кеңестік және ресейлік киносценарист, драмтатург, жазушы, РСФСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Эмиль БРАГИНСКИЙ дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1922-1999) кеңестік лингвист, майя жазуларының құпиясын ашқан КНОРОЗОВ Юрий Валентинович дүниеге келді.