19 жасар бойжеткеннің өлімі: Әділдік іздеп шаршадық - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19 жасар бойжеткеннің өлімі: Әділдік іздеп шаршадық

19 жасар бойжеткеннің өлімі: Әділдік іздеп шаршадық

«Әділдік іздеп, шаршадық!». 

  • 10 Шiлде 2019
  • 51
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған 19 жастағы бойжеткеннің туыстары полицейлердің істі дұрыс тексермей жатқанын айтып, шағымданды.

Марқұмның мүрдесін жақындары ауылдағы бір үйдің моншасынан тауыпты. Алайда олар қыздарының ол үйге бармақ түгілі, тіпті жақын араласқан адамдары еместігін айтып отыр. Ал, сараптама қорытындысында бойжеткеннің  иістен уланғаны жазылыпты. Бірақ, жақындары мұнымен келіспей, мүрдеге эксгумация жасап, нағыз қылмыскерді тапсын деп отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қайғылы оқиға осы жылдың сәуір айында Бадамша ауылында болған. Сол күні Жұлдыз түнделетіп дәмханадағы жұмысынан қайтыпты. Алайда, үйіне жептпеген. Қызының өлі денесі моншада жатқанын анасына күндізгі 11-лерде хабарлапты. Тауып алған — монша қожайынының ұлы екен. Ол жерге бойжеткенің қалай барғаны, кіммен барғаны жақындарына әлі күнге — жұмбақ. Олар бірауыздан қызды біреулер алдап шақырып алып, қастандық жасаған деп санайды. 

 МАРАТ ТӨЛЕШОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: «Екі жарым ай өтті, еш нәтиже жоқ. Полиция дұрыс жасамай жатыр. Олар заключение беріп тұр, угарный газ деп. Сараптамада угарный газ деп берген, бірақ газовый участоктағылар қағаздары соответствует нормам, парилка да, бәрі де солай деп тұр. Әлі күнге таба алмай отыр қылмыскерді. Іздегісі де келмейді».

Істің түсініксіз тұстарының көп екенін анасы да айтуда. Тіпті, кінәнің бәрін қызыма артып, жеңілжүрісті қылып көрсеткілері келіп отыр деп наразы. 

КЕНЖЕ ТӨЛЕШОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Олар қызымды өз ажалымен өлді деп, істі жылы жауып қойғылары келіп отырған шығар. Бірақ, менің жүрегім сезеді. Ешқандай газға уланбаған. Оны әдейі өлтірген. Қызымды жеңіл жүрісті қылып көрсеткілері келеді, ол ондай емес!".

Жұлдыздың жақындары оның ақжарқын, пысық, оғаш қылығы жоқ болғанын айтады. Биыл колледжді аяқтап, диплом алуы керек еді.  

Төлешовтер полицияға да, прокурорларға шағымданған. Әзірге еш мардымды жауап алмадық деп отыр. Мән-жайды білу үшін құқық қорғау органдарына 


біз де хат жолдаған едік, әзірге бұл іске қатысты ешқайсы жауап бермеді . Ал сот-медициналық сараптамасының қорытындысына күмәнмен қарайтын Жұлдыздың анасы мәйітке эксгумация жасауды талап етуде".