190 келілік азамат 96 келіге дейін арықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
190 келілік азамат 96 келіге дейін арықтады

190 келілік азамат 96 келіге дейін арықтады

Жак Робинсон бала кезінен "дәу" болатын.

  • 21 Мамыр 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Мектеп бітірген соң супермаркетке жұмысқа орналасып, бір жылда салмағын 120 келіге жеткізіп алды. Бұл туралы Daily Mail жазады, деп хабарлайды zakon.kz.

2016 жылы түнгі ауысымға жұмысына бара жатқан 19 жастағы Жак есінен танып, құлап түскен. Содан кейін төсекке таңылды. Қайғысын басу үшін тоқтамай тамақ жей беретін жаман әдет пайда болып, аузы пицца, ет пен ірімшік қосылған бәліштен босамаған. Одан соң күніне он-шақты рет есінен танып қалатын болды. Басының сақинасын басу үшін күн сайын 30-ға жуық түрлі дәрі ішетін болды.

Бір күні таразы қате көрсетіп, Робинсонның салмағы адам сенгісіз сандарды көрсеткен. Сол оқиғадан кейін жас бала өзін қолына алып, артық салмағымен күресуге кірісті. Қазір ол 23 жаста. Жактың салмағы енді 96 келіге дейін түсті, денсаулығы да жақсарып қалды. Қалпына келу үшін еттен бас тартып, күн сайын дене жаттығуымен айналысыпты.


Арықтағанға дейін Жак бұл өмірден жалғызбасты болып өтетініне сенімді еді. Енді ойы өзгеріп, бір қыз тауып, үйленсем бе деген дәмесін білдіре бастады.

Соңғы жаңалықтар