1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден беріледі

1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден беріледі

Елордада бюджеттік саласының 39 072 қызметкері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сыйақы алады, - деп хабарлайды T

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 1236
Фото - Caravan.kz

Елордада бюджеттік саласының 39 072 қызметкері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сыйақы алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге бір реттік еңбекақы төлеу үшін бюджеттен 1 миллиард 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді екен. Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне де сыйақы берілетіні хабарланды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден бөлу жоспарланған.

Бұған қоса, аз қамтылған азаматтарға (18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалып, төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан) жәрдемақылар төленеді.

"Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ақшалай және басқа да көмек түрлері Астана әкімі жариялаған "Астана — мейірімді қала" акциясы шеңберінде де көрсетілуде, бұл шара желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Ай басталғалы әкімдіктің, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ұжымдары және қайырымды жандар балалар үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және т.б. көмек көрсетуде. Аталған акцияға кәсіпкерлер қауымы да қолдау көрсетуде", — делінген әкімдіктің хабарында.