Жарияланды: 320

1993 жылдан бері Қазақстанға 160 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды

Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция 8 пайызға арттты.

Бұл туралы Астанада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов айтты. «2010 жылдан бері елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осының аясында шетелдік инвестицияларға негізделген жобалар бар. Соңғы жылдары жүргізілген инвестициялық саясатта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді»,-деді ол. Мәселен, 1993 жылдан бері Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 160 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрап отыр. Оның 44 пайызы соңғы 4 жылда тартылған екен. «Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция 8 пайызға артып, шикізат секторында бұл көрсеткіш 8 пайызға кеміді. Бұл өз кезегінде шетелдік инвесторлардың өңдеу өнеркәсібіне белсенді түрде қатыса бастағандығын көрсетіп отыр»,-деді Қ. Қарманов. Белгілі болғандай, Инвестиция комитетінің тапсырысы бойынша «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ соңғы үш жылда 38 халықаралық бизнес-форум ұйымдастырып, осының нәтижесі бойынша 16 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайтын 273 меморандум мен келісімдер бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін