1993 жылдан бері Қазақстанға 160 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1993 жылдан бері Қазақстанға 160 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды

1993 жылдан бері Қазақстанға 160 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды

Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция 8 пайызға арттты.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов айтты.

«2010 жылдан бері елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осының аясында шетелдік инвестицияларға негізделген жобалар бар. Соңғы жылдары жүргізілген инвестициялық саясатта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді»,-деді ол.

Мәселен, 1993 жылдан бері Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 160 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрап отыр. Оның 44 пайызы соңғы 4 жылда тартылған екен.

«Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция 8 пайызға артып, шикізат секторында бұл көрсеткіш 8 пайызға кеміді. Бұл өз кезегінде шетелдік инвесторлардың өңдеу өнеркәсібіне белсенді түрде қатыса бастағандығын көрсетіп отыр»,-деді Қ. Қарманов.

Белгілі болғандай, Инвестиция комитетінің тапсырысы бойынша «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ соңғы үш жылда 38 халықаралық бизнес-форум ұйымдастырып, осының нәтижесі бойынша 16 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайтын 273 меморандум мен келісімдер бекітілген.