1995-жылғы зерттеулер бойынша Ертіске 500 метр жақын қалды деген жер астындағы керосин көлшігін сорып алу жұмыстары 2 жыл бойы тоқтап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1995-жылғы зерттеулер  бойынша Ертіске 500 метр жақын қалды деген жер астындағы керосин көлшігін сорып алу жұмыстары 2 жыл бойы тоқтап тұр

1995-жылғы зерттеулер бойынша Ертіске 500 метр жақын қалды деген жер астындағы керосин көлшігін сорып алу жұмыстары 2 жыл бойы тоқтап тұр

Жер астындағы авиациялық керосин Ертіс өзеніне қауіп төндіруде, ал оны сорып алу жұмыстары 2 жыл бойы тоқтап тұр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының су ресурстары жөніндегі бас маманы Владимир Тюрин хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 549
Фото - Caravan.kz

1970 жылдары Семей қаласындағы әскери бөлімдер қызметінен кейін жер асты сулары авиациялық керосинмен ластанғаны жайында 1990-жылдан бері дабыл қағылып келеді. 6 400 тоннадан артық керосин жерге сіңген деген мәлімет бар. В.Тюриннің хабарлауынша, 2000-жылы экологиялық апаттың алдын алуға 36 млн. теңге бөлініп, жер астынан 30 тонна керосин алынды. Ал 2001- жылы бұл мақсатқа қаржы қарастырылмады. Соның салдарынан басталған іс аяқсыз қалды. Керосин Ертіс өзеніне жылжып келеді, бұл экологиялық апат қаупін төндіре түсуде.

Тағы бір мәселе ауыз суға қатысты. Су құдықтарының керосинге толғанына 20 жылдан артуы салдарынан аудан халқы судан таршылық көріп келеді. Жергілікті тұрғындар суды қашықтан тасып ішуге мәжбүр. 1995-жылғы зерттеулер керосин көлшігінің Ертіске 500 метр жақын қалғанын көрсеткен. Одан бері 8 жыл өтті. Семейлік мамандар экологиялық апаттың алдын алу үшін басталған істі жалғастыру қажет деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар