Атап айтсақ, Астана қаласы бойынша 241 мың 656 сайлаушының 74 мың 306-сы дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 30,75 проценті. Алматыда тізімге енген 748 мың 333 сайлаушының 178 мың 993 адамы, немесе, 23,92 проценті сайлаушылық құқығын жүзеге асырды.
20 сағаттағы жағдаймен Ақмола (65,84%), Алматы (64%), Қызылорда (60,05%), Солтүстік Қазақстан (64,4%) облыстарында сайлаушылар айрықша белсенділік танытты.
Сайлауға келгендер саны бойынша 20 сағаттағы жағдаймен Маңғыстау облысында ең төмен (42,7%) көрсеткіш тіркелді.