19-тамызда Конституциялық кеңес президент сайлауының мерзіміне қатысты өз шешімін жария етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19-тамызда Конституциялық кеңес президент сайлауының мерзіміне қатысты өз шешімін  жария етеді

19-тамызда Конституциялық кеңес президент сайлауының мерзіміне қатысты өз шешімін жария етеді

Ертең, 19-тамызда Конституциялық кеңес президент сайлауының мерзіміне қатысты өз шешімін жария етеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Конституциялық кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің бір топ депутаты президент сайлауының мерзімін анықтап беру туралы Конституциялық кеңеске сұрау салған болатын. Сайлау мерзіміне қатысты қоғам шеңберінде өрбіген пікірталас осындай сұрау салуға әсер етті. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, жаңадан сайланған президент 2006-жылдың қаңтар айында қызметке кірісу үшін сайлау 2005-жылдың желтоқсан айында өткізілуі тиіс деген пікірде. Сонда ғана Конституцияның 41-бабында көрсетілген 7 жылдық өкілеттілік мерзімі сақталады.

12-тамызда Конституциялық кеңес мәжілістің бір топ депутатының өтініші бойынша Қазақстан президенті сайлауының мерзіміне қатысты шешім қабылдау үшін кеңес бөлмесіне кетті.
Қазақстан Ата заңына сәйкес кезекті президент сайлауының мерзімін парламент мәжілісі қыркүйектің екінші жексенбісіне дейін жариялауға тиіс. Ал президент сайлауы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өткізіледі. 2005-жылы бұл күн 4-желтоқсанға дөп келмек.
Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан президенті бүкілхалықтық, тең әрі тікелей сайлау құқығының негізінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайланады. Бұған дейінгі президент сайлауы 1999-жылдың қаңтар айында өткен.

Перейти к новостям спорта