1-қарашадағы жағдаймен елімізде 115 мың еңбек мигранты заңдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-қарашадағы жағдаймен елімізде 115 мың еңбек мигранты заңдастырылды

1-қарашадағы жағдаймен елімізде 115 мың еңбек мигранты заңдастырылды

АСТАНА. 2-қараша. Kazakhstan Today. 1-қарашадағы жағдаймен елімізде заңсыз жұмыс істеп келген 115 мың еңбек мигранты заңдастырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясы комитетінен хабарлады.

  • 2 Қараша 2006
  • 376
Фото - Caravan.kz

«»Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» 2006-жылдың 4-шілдесінде қабылданған заңды жүзеге асыру аясында 2006-жылғы 1-қарашадағы жағдаймен елімізде заңсыз жұмыс істеп келген ТМД елдерінің 115 мың еңбек мигранты заңдастырылды»,- деп хабарлайды полиция.

Еңбек мигранттары ең көп тіркелген аймақтарға Алматы (16 656), Алматы облысы (13 300) мен Оңтүстік Қазақстан (13 673) облысы жатады.

Заңдастырылған еңбек мигранттарының басым бөлігі құрылыс нысандарында (82 187), қызмет көрсету (14 581) және ауылшаруашылығы (12008) салаларында істейді. Басқа жұмыстарды істейтін 2333 адам заңдастырылды.

Бір реттік шараның нәтижесі бойынша бюджетке салық түрінде 750 млн. теңгеге дейін түсім түседі деп межеленген, деп хабарлайды ІІМ.

«Қазір ішкі істер органдары бейресми еңбек нарығында жұмыс істейтін еңбек мигранттарын (үй қызметшілері мен көмекшілер тб.) заңдастыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру жұмыстары министрліктің тікелей бақылауында одан әрі жалғасуда»,- деп хабарлайды комитет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта