1-қыркүйекте елімізде жалпы білім беретін 20 орта мектеп жаңадан ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-қыркүйекте елімізде жалпы білім беретін 20 орта мектеп жаңадан ашылады

1-қыркүйекте елімізде жалпы білім беретін 20 орта мектеп жаңадан ашылады

1-қыркүйекте елімізде жалпы білім беретін 20 орта мектеп пен бір интернат жаңадан ашылады. Бұл туралы бүгін, 25-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидинова хабарлады.

  • 25 Тамыз 2004
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Бұл мектептер негізінен ауылдық жерлерде ашылады, олардың бесеуі қазақ тілінде білім беретін мектептер»,- деді ол.

Жаңа оқу жылында 228 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды, деді К. Шәмшидинова.
ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, 2004-2005-жылғы жаңа оқу жылының басталуына орай орта білім мекемелерінің 97 проценті ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ, 2004-жылы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттерден 4,35 млрд. теңге, бюджеттен тысқары көздерден 533 млн. теңге бөлінді. Орта білім ошақтары жаңа оқу жылына орайластырып 195,2 млрд. теңгеге физика, химия және биология пәндерінің кабинеттері үшін құрал-жабдықтар сатып алды.
К. Шәмшидинованың айтуынша, қазір елімізде 74 мектеп ғимараты салынып жатыр, олардың 35-і республикалық, 39-ы жергілікті бюджет қаржысы есебінен салынуда.

Перейти к новостям спорта