1-қыркүйектен бастап міндетті сақтандыру шартына отырмаған жүргізушілерге қатаң шара қолданыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-қыркүйектен бастап міндетті сақтандыру шартына отырмаған жүргізушілерге қатаң шара қолданыла бастайды

1-қыркүйектен бастап міндетті сақтандыру шартына отырмаған жүргізушілерге қатаң шара қолданыла бастайды

2003-жылдың 1-қыркүйегінен бастап міндетті сақтандыру жөніндегі келісім шартына қол қоймаған жүргізушілерге қатаң әкімшілік шара қолданыла бастайды.Тіпті ондай көлік айыппұлды тұраққа жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 12-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ-ның жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Арман Сарбасов хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 577
Фото - Caravan.kz

Жол полициясы басқармасында атап көрсеткеніндей, күздің алғашқы күндерінен бастап жол бойында көлікті тоқтатқан жол полициясының инспекторы жүргізушіден сақтандыру полисін талап ете алады. Егер ондай құжат жоқ болып шықса, жүргізушінің үстінен жол қозғалысы тәртіптерін бұзғандығы үшін әкімшілік хаттама қозғалады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 630-бабына сәйкес, жүргізушісі сақтандыру полисін алмаған көлік тұтқындалып айыппұлды тұраққа жеткізілуі тиіс. Қожайыны тиісті құжаттарын жинап әкелмейінше ондай көлік кері қайтарылмайды.

Көлік құралдарын міндетті сақтандыру барысына мемлекеттік бақылау көлікті тіркеу, оларды техникалық байқаудан өткізу және басқа да толық құқылы шараларды қолдану барысында жүзеге асырады.
Жол полициясы департаментінен хабарлауынша, әзірше, жол полициясы сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге ауызша ескерту жасаумен шектеле отырып, автокөлік иелерінің арасында түсініктемелік жұмыстар атқаратын болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда «Көлік құралдары қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы», сондай-ақ, «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңдар 2003-жылдың 1-шілдесінен бастап қабылданған болатын.